ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНДАҒЫ ЖАНЖАЛ МӘСЕЛЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.55956/WVWD5860Тірек сөздер:
жасөспірімдер, қақтығыс, психологиялық қысым, қарым-қатынас, эмоция, мінез- құлық, түзетуАңдатпа
Мақала жасөспірімдік кезеңіндегі балалардың қарым-қатынасында кездесетін әр түрлі құбылыстарға психологиялық тұрғыда теориялық талдап, эксперименттік зерттеу жасалған. Күнделікті өмірде жасөспірімдер арасында жиі кездесетін қақтығыстың себептері мен оған әсер етуші факторлар, оның тұлға дамуына, қалыптасуына тигізетін кері әсері талданады. Эксперименттік зерттеу жұмысы барысында жасөспірімдік шақта балаларды оң қарым- қатынасқа түсіру үрдісін арнайы жетілдіруге бағытталған жұмыс арқылы дамытуға және түзетуге болатындай дәлелденген. Арнайы бағдарламаларды ұйымдастыру, оны жүзеге асыра отырып, оқу іс-әрекеті барысында жасөспірімдердің қарым-қатынас ерекшеліктерін дамытуда тиімді нәтижелерге қол жеткізуге болатынын анықталды. Зерттеу барысында қолданылған «Шварцландердің жетістікке жету деңгейін зерттеу» тесті мен «Шешім табу жолдары» әдістемесінің нәтижелері берілді. Жасөспірімдерді зерттеу жұмысының мақсаты бірқатар анықтаушы бағытты таңдап, дамыту-түзету жұмыстарын қолданудың тиімді нәтижелеріне қол жеткізуге болатындығы дәлелденді. Жөсөспірімдермен жүргізілген түзету-дамыту жұмыстары олармен тең қарым-қатынас ортану, түрлі жағдайларға түсу, одан шығу, психологиялық қақтығыс жағдаяттарын туындату сияқты ойын-жағдаятты әдістер қолданылды. Психологиялық жұмыстарды үздіксіз жүргізіп отырғанда ғана тиімді нәтижеге қол жеткізіп, жасөспірімдердің қақтығысын алдын алу, түзету мүмкіндіктері мен жолдары анықталып, ұсыныстар жасалды.
Библиографиялық сілтемелер
1. Андреева, Т.В. Семейная психология [Текст] / Т.В. Андреева. – СПб. Речь, 2004. – 244с.
2. Турдалиева, Ш.Т. Қарым-қатынас тұлғаны әлеуметтендірудің тиімді құралы [Мәтін]: монография / Ш.Т. Турдалиева – Тараз: М.Х. Дулати ат.ТарМУ, 2019. - 211б.
3. Жақыпов, С.М. Жалпы психологияға кіріспе [Мәтін]: оқу құралы / жауапты ред. С.М.Жақыпов. –Алматы: Қазақ университеті, 2007. - 230 б.
4. Жақыпов С.М. Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностикалық тесттер [Мәтін] / С.М. Жақыпов, Ф. Бизақова - Алматы, 2006. – 247 б.
5. Мұсаева, С.А. Жас ерекшелік педагогикасы [Мәтін]: оқулық / С.А. Мұсаева, Т. Бегалиев. - Астана, 2006. – 128 б.
6. Шнейдер, Л.Б. Психология семейных отношений [Текст]: учебное пособие для вузов. 2-е изд. – М.: Академический Проект; Екатеринбург: Деловая книга, 2006, — 768 с.