Рецензиялау тәртібі

«Dulaty University Хабаршысы» журналына жариялау үшін тек рецензенттер мен редакция алқасы мүшелерінің оң пікірін алған мақалалар ғана қабылданады. Мақалар екі кезеңмен рецензиядан өтеді.

Бірінші кезеңде мақала ғылыми бағыттары мақаланың тақырыбы мен мазмұнына сәйкес келетін 1-2 тәуелсіз ғалымға рецензияға жіберіледі.

Рецензент рецензияны редакция ұсынған нысан бойынша толтырады. Рецензияда мақаланың өзектілігі, зерттеу әдістемесінің сипаттамасы, ғылыми жаңалығы, тәжірибелік құндылығы, баяндалу сапасы және пікір берушінің шешімі (қабылдау немесе қабылдамау) көрсетіледі.

Рецензия компьютерде теріледі және мәтін көлемі 1-2 бетті құрайды. Рецензенттердің мақаланы қарау ұзақтығы 10 күннен аспауы тиіс. Дайын рецензияның электрондық нұсқасы электрондық сайт көмегімен журнал модераторына жолданады.

Рецензент мақаланы жариялауға ұсынған жағдайда жұмыс келесі тексеру кезеңіне жолданады. Егер рецензияда кемшіліктер көрсетілген болса, мақала түзетулер енгізу үшін авторларға кері қайтарылады. Рецензент мақала туралы теріс пікір білдірген жағдайда мақаланы жариялаудан бас тарту шешімі бас редактордың қолы қойылған жазбаша түсініктеме ретінде авторларға жіберіледі.

Екінші кезеңде рецензиядан өткен мақала ғылыми бағытына байланысты редакция алқасының бір мүшесіне жолданады. Ол мақаланың журнал талаптарына сәйкестігін тексеру және жариялауға ұсыну (немесе кері қайтару) үшін мақаланы қарастырады. Редакциялық алқа мүшесінің пікірі теріс болған жағдайда, мақала авторларға пысықтауға жіберіледі немесе кері қайтарылады. Редакциялық алқа мүшесінің мақаланы қарау ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс.

Тексерудің барлық кезеңдерінен өткен (оң пікір алынған) мақала журналдың кезекті нөміріне енгізу үшін қабылданады.

 

Рецензенттер ретінде басылымның редакция алқасы құрамына кірмейтін, отандық мамандар, сонымен қатар Scopus және Web of Science халықаралық дерекқорларға енген басылымдарда жарияланған мақалалары бар шетелдік мамандар тартылады (Ресей һ-6 және Литва – һ-1).

Мақала екі тарапқа да жасырын рецензияланады. Ол үшін рецензентке жіберілетін мақала файлында авторлар туралы мәліметтер көрсетілмейді.

Мәлімет үшін: 2024 жылдың қорытындысы бойынша редакциялық тексеруден өтпей, кері қайтарылған мақалалар үлесі 30% құрады.

Loading...