ЖАЗУШЫ А. КЕМЕЛБАЕВА ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ТҰЛҒА КОНЦЕПЦИЯСЫ

ЖАЗУШЫ А. КЕМЕЛБАЕВА ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ТҰЛҒА КОНЦЕПЦИЯСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55956/VLYJ9401

Тірек сөздер:

Тұлға концепциясы, суреткерлік дүниетаным, көркемдік шындық, авторлық ұстаным

Аңдатпа

Мақалада жазушы А. Кемелбаеваның әңгімелеріндегі тұлға концепциясы қарастырылған. Шығармадағы тұлға концепциясы – автор дүниетанымының, ұстанымының нәтижесі. Тұлға – автор көзқарасын тасымалдаушы. Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты автор мен тұлға арасында тығыз бірліктің барлығын жазушы әңгімелері негізінде қарастырып, образдардың жасалу ерекшеліктері мен танымдық-идеялық сипатын, көзқарас даралығын талдау болып табылады. Автордың әңгімелеріндегі образдар әр түрлі саланың қарапайым еңбек адамдары болғанмен, бүгінгі уақыттың білімді, дүние құбылысына зерек тұлғалар. Жаратылыстың тылсым қуатын сезініп, оны түсінуде халықтың наным-сенімдеріне сүйенеді. Жаратушының хақтығына, оның құдірет-күшіне сенеді. Наным-сенім бостандығы, имандылық, оның адам өміріндегі маңызы жазушы қаһармандарының басты сипаттарының бірі екендігі байқалады. Туындыларындағы негізгі бағыт әлемдік әдебиеттің озық үлгілерінен нәр алған оның әңгімелері тосын сюжеттік дамуымен, тың көркемдік шешім және мазмұн байлығымен, ұлттық колоритімен ерекшеленеді. Жұмыстың ғылыми және практикалық маңызы қазіргі қазақ прозасының даму үдерісін, көркемдік ізденістері мен дәстүр жалғастығын зерделеуде әдебиеттану ғылымына қосар үлесі бар деп білеміз. Өйткені А. Кемелбаева – өзгелерді қайталамайтын, әрдайым тың ізденістерімен, стильдік даралығымен қазақ әдебиетіне жаңалықтар әкеліп отырған жазушы. Әсіресе әңгімелеріндегі мифтік-мистикалық сипат, детективтік желі, этнографиялық көріністер, ауыз әдебиетіндік дәстүрлі үлгілерді жандандырып пайдалану автордың стильдік даралығын, суреткерлік дүниетаным ерекшелігін білдіреді. Әдеби мәтіндерге филологиялық талдау жасауда биографиялық, тарихи-әлеуметтік, құрылымдық-сипаттамалық, психоаналитикалық әдістер қолданылды. Зерттеу жұмысының нәтижелерін жоғары оқу орындары филология бағытының арнаулы курстерінде, қазіргі қазақ әдебиеті дәрістері лекциясында пайдалануға болады. Жұмыс қорытындысының теориялық-практикалық маңызы әдебиеттану ғылымындағы тұлға концепциясының көркем шығарманы талдаудағы басты орны, тарихилық сипаты және өзге де ерекшеліктері анықталуымен сипатталады.

Библиографиялық сілтемелер

1. Kolobaeva, L.A. Koncepcialichnosti v tvorchestve M.Gorkogo [The concept of personality in the work of M.Gorky] Textbooks [Text] / L.A. Kolobaeva. - Moscow University Press, Moscow, 1986. - 54 p.

2. Sultan, N. Features of the concept of "Artistic concept of personality /https://cyberleninka.ru " article " osobennosti-ponyatiy...; Babshanova G.N. The artistic concept of personality in the prose of Siberian Tatar writers of the twentieth century: Zankiev Ya.K., Suleymanov B.V. Tobolsk. 2009. 150 p.; Gapon E.S. The artistic concept of personality in the works of V.G. Rasputin 1990-2000's. Armavir, 2001. 167 p.; Gureev V.N. Formation of the artistic concept of man in the late Soviet period // Bulletin of the Voronezh State University. Ser. Philology. Journalism. 2008. No. 1. pp. 31-33; Pavlov Yu.M. The artistic concept of personality in the Russian and Russian-language literature of the twentieth century: abstract. ...Dr. Philol.. M.: IMLI RAS, 2004. 374 p.; Panesh U.M. Typological connections and the formation of artistic and aesthetic unity of the Adyghe literatures. Maikop: Adyg. kn. publishing house, 1990. 285 p.; Urmanov A.V. The poetics of Alexander Solzhenitsyn's prose. M.: Prometheus, 2000. 231 p.; Khuazheva N.H. The artistic concept of personality in the prose of Asker Yevtykh: abstract. ... candidate of Philological Sciences. Maykop, 1999.

3. Kemelbaeva, A. Tilenshi, zarzhakprozasymakty unatpaimyn [I don't like Tilenshi, zarzhak prozasymak] [electronic resource] Access mode: http://madeniportal.kz/article/4337 Review date: 15.06.24

4. Kemelbaeva, A. Tyrnak (angime) [Nail (story)] [Electronic resource] Access mode: http://www.madeniportal.kz/article/7422 Review date: 15.06.24

5. Kemelbaeva, A. Zhazushy izgiliktin iesi boluy tiis [The Writer must be the owner of virtue] [Electronic resource] Access mode: http://www.madeniportal.kz/article/4737 Review date: 15.06.24

6. Nurgali, R. Soz onerinin estetikasy [Aesthetics of the art of the word]. Monograph [Text] / R. Nurgali. - Astana: Elorda, 2003 - 424 p.

7. Kemelbaeva, A. Shashty (angime) [The Hair (Story)] [electronic resource] Access mode: http://www.madeniportal.kz/article/4738 Review date: 15.06.24

8. Khalizev, V.E. Teoriya literatury [Theory of literature]: Textbook [Text] / V.E. Khalizev – 4th ed. ispr. and additional. Moscow: Higher School, 2004. – 405 p.

9. Kemelbaeva, A. Tobolgysay. Povest zhane angimeler [Tobolgysay. Narrative and stories] [Text] / A. Kemelbaeva. Astana: Elorda, 2001. – 120 p.

10. Seilova, A. Kuska ainalgan kyz [The girl who became a bird]. Egemen Kazakhstan, 24 November, 2020

11. Kemelbaeva , A. Kiyada [On the cliff]. Kazak adebieti, 8 October - 2004.

12. Dadebayev, Zh. Korkem shygarma zhane onyn negizderi [The work of art and its foundations]. Literary theory: versification. Book I. –Astana. Foliant, 2013. - 416 p.

13. Khuazheva, N.H. Hudozhestvennaya koncepcia lichnosti v proze Askera Evtyha [The artistic concept of personality in the prose of Asker Yevtykh]. abstract. dis. ... Candidate of Philology sciences. Maykop, 1999.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-02-11

Журналдың саны

Бөлім

Филология ғылымдары
Loading...