ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕНІҢ БІР БАҒЫТЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ ҚЫЗМЕТІ
DOI:
https://doi.org/10.55956/XOXU2838Тірек сөздер:
дене тәрбиесі, дене шынықтыру, спорт, ұлттық тәрбие, интернационалдық тәрбиеАңдатпа
Дене тәрбиесі және спорт үйлесімді жан-жақты адам тәрбиелеуге бағытталған. Бұл міндетті шешуге ұлттық, халықаралық, интернационалдық тәрбиенің күллі әдістері мен құралдары бағытталған. Біздің пікірімізше, ұлттық әсіресе шығыс халықтарында дене тәрбиесін, спортты және дене шынықтыруды көп дәрежеде қамтиды. Осы мағынада алғанда дене тәрбиесі мен спорт өнермен ұқсас. Нақты зерттеулер жүргізу кезінде алынған қоғамдық пікір, міне, осыны дәлелдейді. Қазіргі қоғам дамуы жағдайында, спорт пен дене тәрбиесінің ұлттық формалары мен құралдарында ұлттық элемент бұрынғысынша, оларды дамытудың өзгеше (спецификалық) бағытын құрайды, өйткені, онымен қозғалтқыш қызметінің сипаты ғана емес, тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру әдістері мен өзіндік ережелері байланысты. Қазақ халқының дене шынықтыруы осы заманғы дене тәрбиесінде кеңінен пайдаланылуы тиіс. Ол қазіргі дене шынықтыру мен спорттың негізгі талаптарын қанағаттандырып, білім, тәрбие беру, сауықтыру қызметін орындайды.
Библиографиялық сілтемелер
1. Құралбекұлы, А., Әкімбайұлы С. Оқушылар дене шынықтыруының этнопедагогикалық негіздері. Монография [Мәтін] / Алматы: Қазақтың Мемлекеттік спорт және туризм академиясы. – 2000. - 295 б.
2. Элашвили, В.И., Мильштейн, О.К. Общие черты и тенденции развития физической культуры. Очерки по теории физической культуры [Текст] / В.И. Элашвили, О.К. Мильштейн. – М., ФиС, 1984. – 83-91,210 б.
3. Национальные отношение в развитом социалистическом обществе [Текст] // Сб. науч. статей. – М.: Мысль, 1978. - 318, 159 б.
4. Оңалбеков, Ж.М. Национальные спортивные интересы в системе межнациональных отношений [Текст] / Ж.М. Оңалбеков. – Алматы. - 1993, 2-16 б.
5. Оңалбеков, Ж.М. Физическая культура в сфере межличностных отношений [Мәтін] / Ж.М. Оңалбеков– Алматы, 1993, 22-23 б.