АРАЛ ҚАЯЗЫНЫҢ (LUCIOBARBUS BRACHYCEPHALUS) ШАБАҚТАРЫН ҚОЛДАН ӨСІРУ ТӘЖІРИБЕСІ

АРАЛ ҚАЯЗЫНЫҢ (LUCIOBARBUS BRACHYCEPHALUS) ШАБАҚТАРЫН ҚОЛДАН ӨСІРУ ТӘЖІРИБЕСІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55956/HBHW8456

Тірек сөздер:

Инкубация, тоған, арал қаязы, бақылау, дернәсілдер, шабақтар, дарақтар, қоңдылық, балық отырғызу материалы

Аңдатпа

Берілген мақалада Қызылорда облысы аумағындағы балық өсіру шаруашылықтары жағдайында елімізде сирек және жойылу алдында тұрған арал қаязы (Luciobarbus brachycephalus)  балығының бір жаздық шабақтарының өсімін бағалау бойынша зерттеу нәтижелері баяндалған. Зерттеу жұмыстарында Қызылорда облысы аумағындағы Сырдария өзенінен ауланған қаяз дарақтарынан алынған дернәсілдерді тоған жағдайында өсіру жұмыстарын толық қамтыған. Зертеу жұмыстарына арнайы тоған және ондағы су көзінің сипаттамалары және бақылау аулау жұмыстарын жүргізуге арналған құралдардың сипаттамасы берілген. Қаяз дернәсілдерін тоғанға отырғызу сәтінен бастап, олардың негізгі биологиялық көрсеткіштерінің өсу қарқынын анықтау мақсатында бақылау аулаулар жүргізу нәтижелері сарапталған. Сонымен қатар бақылау аулау жұмыстарының мерзімдері, аралықтары толық сипатталған. Тоған жағдайында қаяз шабақтарының Фультон индексі бойынша қоңдылық көрсеткіштерінің алынған нәтижелері табиғи ортадағы өкілдерімен салыстыра отырып,  талдаулары баяндалған. Қаяз біржаздықтарын өсіру нәтижелері барысында, қыркүйек айының 2-ші онкүндігіндегі шабақтардың  орташа салмағы 15,1 г дейін жеткендігі және бұндай көрсеткіш өңірдегі балық өсіру шаруашылықтары жағдайында балық отырғызу материалын дайындауға толық мүмкіндік беретіндігі көрсетілген.

Библиографиялық сілтемелер

1 Дукравец, Г.М. Рыбы Казахстана: аннотированный список, исправленный и дополненный [Текст] / Г.М. Дукравец, Н.Ш. Мамилов, И.В. Митрофанов. - Selevinia зоологический ежедневник том 24, 2016 - 47 с.

2 Красная книга Республики Казахстан. Т. 1. Животные. Ч. 1. Позвоночные. Изд. 4-е, исправленное и дополненное. Алматы, 2008. -315 с.

3 «Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына өзгеріс енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 706 қаулысы. Сүйектi балықтар класы №11 қатар.

4 Балықтар мен басқа да су жануарларының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін ғылыми зерттеулер үшін алу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 220 қаулысы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2300000220

5 Козлов, В.И. Справочник рыбовода. 2-е издание, переработанное и дополненное [Текст] / В. И. Козлов, Л. С. Абрамович. - Москва. Росагропромиздат-1991. С103

6 Бадрызлова, Н.С. Восстановление запасов редких и исчезающих видов рыб путем организации их искусственного воспроизводства на примере аральского усача [Текст] / Н.С. Бадрызлова, Е.В. Федоров, С.Ж. Асылбекова // Известия Национальной Академии Наук Республики Казахстан: серия биологическая и медицинская. - 2013. - № 4. - С. 127-132.

7 Правдин, И.Ф. Руководство по изучению рыб [Текст] / И.Ф. Правдин. -Москва: Пищевая промышленность, 1966 – 372 с.

8 Лакин, Г.Ф. Биометрия Лакин; изд. 4-е, перераб. и доп. [Текст] / Г.Ф. Лакин. - М.: Высшая школа, 1990 - 352 с.

9 База рыб [Электронный ресурс] / Режим доступа: https://www.fishbase.se/summary/Luciobarbus-brachycephalus.html Дата обращения: 17.07.2024

10 Aral Barbel, IUCN Biodiversity Assessment & Knowledge Team: Red List Unit [Electronic resourse] / Access mode: https://www.iucnredlist.org/species/135684/4180293 Access date: 17.07.24

11 Current State of Rare and Endangered Barbels of the Genus Luciobarbus Heckel, 1843 in the Aral–Syrdarya Basin (Kazakhstan) and Prospects for Their Conservation (A Review) Biology 2023, 12, 489. https://doi.org/10.3390/biology12040489

12 Дукравец, Г.М. Усачи – исчезающие рыбы в Казахстане [Текст] / Г.М. Дукравец // Selevinia. - 2001: 112–116.

13 Галактионова, Е.Л. Рост и питание молоди аральского усача в прудах. Рыбные ресурсы водоемов Казахстана и их использование [Текст] / Е. Л. Галактионова, Т. С. Стуге. - Алма-Ата 1970. С37

14 Разработка искусственного разведения аральского усача в низовьях р. Сырдарьи. Отчет о НИР. Аральское отд. Каз НИИРХ, Аральск, 1964.-.155 с. / Рук. Галактионова Е.Л.

15 Балымбетов, К.С., Встречаемость Аральского (Barbus brachycephalus Kessler) и туркестанского (B. capito Guldenstadt) усачей в ирригационных системах нижнего течения реки Сырдарьи [Текст] / К.С. Балымбетов, К.У.Жубанов, С.С. Галущак // Selevinia, 2003. C. 215-216.

16 Орлова, И.В. Особенности биологии и морфологии аральского и туркестанского усачей в бассейне р. Сырдарьи [Текст] / И.В. Орлова, А.М. Терещенко, Е.В. Мурова, Ф.В. Климов // TETHYS AQUA ZOOLOGICAL RESEARCH, volume III Almaty: "Tethys", 2007. - 124 p

Жүктеулер

Жарияланды

2025-02-11

Журналдың саны

Бөлім

Жаратылыстану ғылымдары
Loading...