АҚЫН-САТИРИК ШОНА СМАХАНҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ

АҚЫН-САТИРИК ШОНА СМАХАНҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55956/MALD9006

Тірек сөздер:

автор, ақын, сатира, стиль, жанр

Аңдатпа

Мақалада ақын-сатирик Шона Смаханұлының шығармашылық мұрасы кең түрде қарастырылады. Өмірі мен кезеңіне, қоғамдық қызметінің маңызды тұстарына назар аударылып, ел мүддесіне қатысты көзқарастары, ұлт мұратын айқындаған ұстаным жүйесі шығармашылық мақсат-мұраттарымен байланыста өріс алады. Маңыздысы, тақырыбы мәнді, жанр жүйесі айқын, мазмұны байтақ – әзіл-әжуа, сын-сықақ, шаншыма-шымшымалары әр қырынан ашылып, қоғамның өзекті тұстарын, заман шындығын, адам әлемінің мың сан қатпар-иірімдерін өткір тіл, орамды ой, шымыр шумақтарымен жүйелі жеткізулері терең талдау, зертеу-зерделеулер негізінде байыпты беріледі. Әсіресе, «Кездік», «Жасырайық несіне», «Жымияды жеңешем», «Елпекбайдың тентегі», «Өткірдің жүзі», «Таңдамалы шығармалар» атты әр жылдары жарық көрген туындылары зерттеу нысаны етіліп, ондағы ел мүддесі, ұлт мұратына қатысты дүниетаным арналары, қоғамдағы келеңсіз-кереғар көріністер, адамдар қарым-қатнасындағы әр алуан көрініс-суреттер бірде әзіл-әжуа, келесі кезекте сын-сықақ, шаншыма-шымшыманың өзегіне айналған тұстары байыпты бағалау, терең талдау, зерделі зерттеу жүйесі етіледі. Нәтижесінде, ақын-сатирик Ш.Смаханұлының шығармашылық мұрасы, тақырыптық арнасы, жанрлық-көркемдік ерекшеліктері, қоғамдық құбылыс, заман шындығы, адам болмысы мен еңбек мұраттары, әрекет-қимылдарына қатысты тұстары, көзқарас-ұстанымдары ақиқат аясында, шынайы шындықтар тұрғысында мәнді-нәрлі, сенімді сипат алады. Авторлық ұстаным, тақырыптық ерекшелік, көркемдік дүниетаным арналары да әр қырынан қарастырылып, мәнді сипаттармен жүйелі өріс алады.

Библиографиялық сілтемелер

1. Советтік Қазақстан Жазушылары [Мәтін]. - Алматы: Жазушы, 1987. -576 б.

2. Смаханұлы, Ш. Күлкі көбейсін [Мәтін] / Ш.Смаханұлы. - Қазақстан пионері, 1984.- 11 қазан

3. Смаханұлы, Ш. Сықақшы сыры [Мәтін] / Ш.Смаханұлы. - Лениншіл жас, 1982 , 27 қараша

4. Ниязбек, Р. Ер Шона [Мәтін] / Р.Ниязбек. – Алматы ақшамы, 1999, 27 желтоқсан

5. Сәттібайұлы, К. Қайраткер, ақын Ш.Смаханұлы қазақ мектебінің қамқоры еді [Мәтін] / К. Сәттібайұлы. - Жас алаш, 1999,11 наурыз

6. Тоқошбаев, М. Азаматтың асқар даусы [Мәтін] / М. Тоқошбаев. - Дала дидары, 1991, 28 мамыр

7. Өтегенов, Р. Тілім дегенің-елім дегенің [Мәтін] / Р.Өтегенов. - Қазақ әдебиеті, 1992, 24 қаңтар

8. Төлепбергенұлы, Н. Қадіріңді кім білген, қайран Шона! [Мәтін] / Н. Төлепбергенұлы. - Заң газеті, 1998, 16 желтоқсан

9. Кенжеахметов, С. Автордың өзіне тартқан [Мәтін] / С.Кенжеахметов. - Торғай таңы, 1975, 28 наурыз

10. Дәдебаев, Ж. Атыңнан айналайын [Мәтін] / Ж.Дәдебаев. - Алматы. Нұрлы әлем, 2002. - 236 б.

11. Смаханұлы, Ш. Сандықтан шыққан сайтан [Мәтін] / Ш.Смаханұлы . – Алматы. Жалын, 1977

12. Смаханұлы, Ш. Елпекбайдын телпегі [Мәтін] / Ш.Смаханұлы. – Алматы. Жазушы, 1987

13. Смаханұлы, Ш. Үміт жұлдызы (повесть) [Мәтін] / Ш.Смаханұлы. – Алматы. Жалын, 1984. - 143 б.

14. Смаханұлы, Ш. Жас кәззап (әңгіме) [Мәтін] / Ш.Смаханұлы. – Ақ жол, 1994, 7 желтоқсан

15. Смаханұлы, Ш. Сүрінсең де, жығылма» (хикаят) [Мәтін] / Ш.Смаханұлы. - Алматы ақшамы, 1993, 12 сәуір

16. Ордабаева, Р. Сатира сардары [Мәтін] / Р.Ордабаева. – Алматы.2003. – 67 б.

17. Сәттібайұлы, К. Шонаның қойындәптері. – «Қазақ әдебиеті», 2024, 8 қараша (№ 44)

Жүктеулер

Жарияланды

2025-01-28

Журналдың саны

Бөлім

Филология ғылымдары
Loading...