МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/LSWE6579Тірек сөздер:
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, электрондық үкімет, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі, цифрландыру, көрсетілетін қызметтерге қанағаттану, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы, мемлекеттік органдардың дерекқорын интеграциялауАңдатпа
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер саласындағы мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау мәселелері, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының проблемалары, цифрландыруды енгізу арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетудегі әлемдік үрдістер зерттелді. Зерттеудің өзектілігі мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру әрбір елдегі үкіметтің маңызды міндеттеріне жататындығымен негізделген. Халықтың мемлекет жұмысына қанағаттану деңгейі мен оған деген сенімі мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына байланысты.
Қазіргі жағдайда қызметтерді ұсыну процестерін автоматтандыру және цифрландыру арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мүмкіндігі дамыған және демократиялық елдерде негізгі басымдық болып табылады.
Қазақстан Республикасында цифрлық экономика талаптарына және әлемдік үрдістерге негізделген мемлекеттік қызметтер көрсету саласында елеулі өзгерістер енгізілді: маңызды нормативтік құқықтық актілер қабылданды, мемлекеттік қызметтер көрсету процестері оңтайландырылды, электрондық үкімет жобасы іске асырылды, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жетілдіру жөніндегі бірқатар басқа да шаралар құрылды.
Библиографиялық сілтемелер
1. The Law of the Republic of Kazakhstan «On State Services» - №88-V of April 15, 2013 // https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1300000088
2. Agentstvo Respubliki Kazahstan po delam gosudarstvennoj sluzhby [Agency of the Republic of Kazakhstan for Civil Service Affairs] [Electronic resource] Access mode: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/activities/directions?lang=ru
3. Gosudarstvennaya korporaciya Pravitel'stvo dlya grazhdan [State Corporation Government for citizens] [Electronic resource] Access mode: https://gov4c.kz/ru/about/otchetnost/
4. Reestr gosudarstvennyh uslug ot 04.09.2024 g. [Register of public services dated 04.09.2024] [Electronic resource] Access mode:https://egov.kz/cms/ru/articles/register_public_services
5. Ob utverzhdenii Gosudarstvennoj programmy Cifrovoj Kazahstan [On the approval of the State Program of Digital Kazakhstan] [Electronic resource] Access mode: https://adilet.zan.kz/rus/docs/P1700000827
6. Mobil'noe prilozhenie elektronnogo pravitel'stva «eGov Mobile» [The mobile application of the electronic government "eGov Mobile"] [Electronic resource] Access mode: https://egov.kz/cms/ru/information/mobile/mobile_application
7. Ob utverzhdenii Nacional'nogo plana razvitiya Respubliki Kazahstan do 2025 goda i priznanii utrativshimi silu nekotoryh ukazov Prezidenta Respubliki Kazahstan [Decree of the President of the Republic of Kazakhstan «On approval of the National Development Plan of the Republic of Kazakhstan until 2025»] - №636 of February 15, 2018 // https://adilet.zan.kz/rus/docs/U1800000636