ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ТӨРТТАҒАН ЖАНРЫ
DOI:
https://doi.org/10.55956/DGVZ4763Тірек сөздер:
Төрттаған, әдебиет, ақын, жырау, поэзия, лирика, философияАңдатпа
Қазақ поэзиясының қай жанрын алмайық, халықтық тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, мәдениет пен философия тұрғысын сөз етеді. Әсіресе, көне жанр қатарынан табылатын төрттағанның орны дараланып тұрады. Зерттеу еңбегімізде сол төрттік (төрттаған) жанры сөз болады.
Мақалада қазақ әдебиетіндегі төрттік (төрттаған) жырлаған ақындардың шығармашылығы туралы қарастырылған. Төрттаған жанры туралы бірқатар ғалымдардың пікірлері ұсынылады. Қазақ ақындарының лирикалық, философиялық шумақтары зерттелген. Көтеш, Шал, Қобылан, Сүйінбай, Абыл, Жаяу Мұса, Құлыншақ сынды ақындардың шумақтары әр қырынан талданған. Аталған ақындардың өмір, әлеуметтік теңдік, ұрпақ тәрбиесі, жастық пен қарттық туралы жырлаған шумақтары кезінде өз аудиториясына айтарлықтай әсер еткені белгілі.
Қазақтың би-шешендері мен жырауларының арасында дәстүрлі түрде жырланған төрттағанның тақырыптық аясы орасан. Замана үні мен келбетін жырға қосқан ақындар төрт жолдық өлеңнің сипатын одан сайын ерекшелендірді. Осы ерекшеліктер зерттеу еңбекте сөз болады. Ендігі біздің алға қойған өзекті мәселеміз де сол ақындардың қаламынан туған шығармашылығын зерттеп, зерделеу болмақ.
Библиографиялық сілтемелер
1. Жеменей, И. «Мұхаммед Хайдар Дулат (1499-1551) тарихшы-қаламгер» [Мәтін] / И.Жеменей. - Алматы: Зерде, 2007.- 352 б.
2. Мағауин, М. Ғасырлар бедері [Мәтін] / М.Мағауин. - Алматы: Жазушы, 1991.- 432 б.
3. Күмісбаев, Ө. Дала поэзиясының тарландары [Мәтін] / Ө.Күмісбаев // Өркен.- 1993.- 10 б.- 20 наурыз.
4. Сүйіншәлиев, Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. [Мәтін] Оқулық / Х. Сүйіншәлиев. - Алматы: Санат, 2006.-904 б.
5. Кенжебаев, Б. Ертедегі әдебиет нұсқалары [Мәтін] / Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиев, М.Жолдасбеков, М.Мағауин, Қ.Сыдиқов. - Алматы: Мектеп, 1967.- 208 б.
6. Аронұлы, С. Ақиық. Толғаулар, сын-сықақтар, айтыстар [Мәтін] / С.Аронұлы. - Алматы, Жазушы, 1976.- 140 б.
7. Бес ғасыр жырлайды. 1 том.- Алматы: Жазушы, 1989.-1т.- 384 б.
8. Дүйсенбайұлы, Е. Ғасырлар тоғысындағы қазақ жыры: ХІХ ғасырдағы және ХХ ғасырдың басындағы поэзия [Мәтін] / Е.Дүйсенбайұлы. - Алматы: Раритет, 2007.-362 б. – «Алтын қор» кітапханасы.