ҚҰНДЫЛЫҚТАР МӘСЕЛЕСІН ЗЕРТТЕУДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ
DOI:
https://doi.org/10.55956/NPVM7909Тірек сөздер:
Құндылықтар, философия, зерттеу, талдау, ұлттық, аксиологияАңдатпа
Мақалада құндылықтар мәселесін зертетудің философиялық ерекшеліктері қарастырылады. Құндылықтардың мәніне, мазмұнына, көріну формаларына байланысты мәселелерді философиялық талдаудың ұзақ тарихы бар. Ежелден бері адамдар айналасындағы әлемді, ондағы заттарды, оқиғаларды, адамдар арасындағы қарым-қатынасты бағалап, олардың құндылығы туралы ойлады. Уақыт өте келе, қоғам дамыған сайын, осы саладағы проблемалар көбейіп, оларды шешудің маңыздылығы артты. Құндылықтар тақырыбы ежелгі дәуірден бастап қәзірге кезеңге дейін өзекті тақырыптардың бірі болып қала бермек. Демокрит, Эпикур, Платон, Аристотель, Дж.Бруно, Т.Гоббс, Д.Дидро, Г.Лейбниц, Ф.Бэкон, И.Кант, Г.Гегель сыңайлы ойшылдар құндылықтарды философиялық және тарихи талдауға назар аударады. Құндылықтар мәселесін зерттеудің негізінде аңыздар, мифтер, әңгімелер, эпостар, яғни фольклор үлгілері жатыр. Халықтың ауызша дәстүрінде мәні мен мазмұны әр түрлі түсіндірілетін жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға көбірек көңіл бөлінеді. Эпостарда патриотизм рухы, халық пен ел бостандығына деген адалдық бейнеленген. Ежелгі адамдар тіршілік туралы ойлағанда, аңыздар, әңгімелер немесе эпостар айтқан кезде, олар ғаламның құндылығын, оның шексіздігін, ғалам мен адамзат арасындағы қатынастарды, адам өмірінің маңыздылығын, мазмұнын, мақсатын және батылдық, даналық, мейірімділік, адалдық, патриотизм сияқты құндылықтарды түсіндірді.
Библиографиялық сілтемелер
1. Фролова, И.Т. Философский словарь [Текст] / И.Т.Фролова. – Республика, 2001. – 719 с.
2. Горнштейн, Т.Н. Проблема ценности в философии [Текст] / Т.Н. Горнштейн, М.А. Кисселя, В.П. Тугаринова. – М.: Наука, 1966. - 262 с.
3. Каган, М.С. Философская теория ценности. [Текст] / М.С. Каган. - Санкт-Петербург, ТОО ТК "Петрополис", - с. 205
4. Шохин, В.К. Философия ценностей и ранняя аксиологическая мысль [Текст]: Монография. / В.К. Шохин. - М.: Изд-во РУДН, 2006. - 457 с.
5. Жарықбаев, Қ. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы [Текст] / Қ.Жарықбаев, С. Қалиев. - Алматы: Рауан, 1998. - Т. 2. - 415 б.
6. Барышков, В.П. Аксиология личностного бытия. [Текст] / В.П. Барышков. –М.:Логос, 2005. – 192 с.