КҮЗЕМБАЙ БАЙБОСЫНОВТЫҢ ӨЛКЕТАНУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕКТЕРІ, ҒАЛЫМНЫҢ ХАТЫ ӨШПЕЙДІ

КҮЗЕМБАЙ БАЙБОСЫНОВТЫҢ ӨЛКЕТАНУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕКТЕРІ, ҒАЛЫМНЫҢ ХАТЫ ӨШПЕЙДІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55956/XQND3022

Тірек сөздер:

Өлкетану, тарих, музей, археология, ортағасырлық қала, зерттеу, дерек

Аңдатпа

Мақалада белгілі тарихшы, өлкетанушы Күзембай Байбосыновтың Жамбыл облысын зерттеуге қосқан үлесі мен еңбектері айтылады. Көзі тірісінде-ақ көптеген ғылыми-зерттеулер жүргізіп, тарихи орындарды, құнды жәдігерлерді табуға қажырлы еңбек етті.  Күзембай аға зейнет жасында да зерттеу жұмыстарын тоқтатқан емес. Тараз қаласының маңында орналасқан «Төменгі Барысхан» қалашығының орнына археологиялық зерттеу жүмыстарын жалғастырып, сол жерден үлкен музей ашу жоспарын қағаз бетіне түсіріп, облыс басшылығына ұсынған кездері де болды. Өзінің ұзақ жылдар бойы жасаған зерттеулерін таныстырып, болашақта зерттеуді қажет ететін тарихи орындарды үнемі айтып отырушы еді. Ағамыздың шаңырағына сұхбаттасуға барған кезде өзінің көптеген жоспарларымен бөлісіп, жастарға бағыт бағдар беріп жүруші еді. Ағамыздың көзі тірісінде жарыққа шыққан мақаларының бірнешеуіне тоқтала кетсек.Сонымен қатар музейдің жанынан ұйымдастырылған экспедиция Талас ауданы, Жданов совхозы, Амангелді бөлімшесінен бұдан бір ғасыр бұрын Төменгі Талас өңірінде өзінің өнерімен атағы шығып жүрген Дайырбеков Битеннің қолынан шыққан өте сирек кездесетін ағаш төсекті алып келді. Ол бұл өнерді Тоғызбай, Оңбай деген ағайындарынан үйренгендігін оның жасаған бұйымдары соңғы кезге дейін осы ауылда бірен-саран кездесіп қалушы еді, бірақ қазір жоқ болып кетті, деп еске алған екен оның көзін көргендер. Күзембай ағамыздың мақалаларында өлке тарихы мен осы өлкеден шыққан қол өнершілердің еңбектеріде қатты қызықтырып отырған. Мысалы көптен бері ойда жүрген мәселенің бірі - ел арасында әлі де бізге белгісіз бес аспап халық шеберлері жасаған тамаша туындылар бірлі-жарым кездесіп қалады. Бірақ кейбіреулері ата-бабамыздан қалған көзі еді деп оны музейге өткізуден бас тартады:- деп көрсетеді. Облыстың шалғай ауылдарындағы құнды жәдігерлердің қайдан және қалай музейге жинақталғаны туралы жазады.

Библиографиялық сілтемелер

1. Байбосынов, К. Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы [Электронды ресурс] Кіру режимі: https://www.facebook.com/1831662180405272/posts/2750051038566377/?locale=ms_MY Жүгінген күні: 14.01.2021 ж.

2. Мазур, В. В поисках прошлого [Текст] / В. Мазур // Знамя труда. 8.12.2014 г. https://ztgzt.kz/v-poiskax-proshlogo/

3. Байбосынов, К. Музей экспонаттарын сөз етсек [Мәтін] / К.Байбосынов // Еңбек туы газет.-1981 ж. 21 шілде. №139 (11.829)

4. Байбосынов К. Шежірелі шақ [Мәтін] / К. Байбосынов // Еңбек туы газет.-1981 ж. 9 қыркүйек. №173 (11.863)

5. Байбосынов К. Үңгірлі сыр шертеді [Мәтін] / К. Байбосынов // Еңбек туы газет.-1983 ж. 11 наурыз. №49 (12.239)

6. Байбосынов К. Тасқа жазылған дастан [Мәтін] / К. Байбосынов // Ақ жол газет.-1992 ж. 19 мамыр. №60 (14.426)

7. Байбосынов К. Тараздың жер асты жолы барма? [Мәтін] / К. Байбосынов // Ақ жол газет.-1992 ж. 12 наурыз. №31 (14.397)

Жүктеулер

Жарияланды

2025-02-20

Журналдың саны

Бөлім

Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдары
Loading...