ОРТАҒАСЫРЛЫҚ АҚТӨБЕ (БАЛАСАҒҰН) ҚАЛАСЫ АУМАҒЫНДАҒЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

ОРТАҒАСЫРЛЫҚ АҚТӨБЕ (БАЛАСАҒҰН) ҚАЛАСЫ АУМАҒЫНДАҒЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55956/NRBN8116

Тірек сөздер:

Археология, Ақтөбе, Баласағұн, ортағасырлық қала, зерттеу, дерек.

Аңдатпа

Қазақ даласының басынан өткерген тарихында көптеген төбелер мен қала қоныс аумағында зертеулер жүргізілген. Оған дәлел ретінде Жамбыл облысының аумағына қарасты Шу бойындағы Ақтөбе (Баласағұн)  қаласын айтсақ болады. Мақалада. Қарахан дәуіріндегі, Қарахан мемлекетінің орталығы, тарихтағы маңызы аса зор болған, бас қаласы ерте ортағасырлық Ақтөбе (Баласағұн) қаласындағы жүргізілген зертеулер аясында айтылмақ. Бабалардан мұра болып қалған ұлан-ғайыр жерімізде, сән-салтанаты келіскен орны ерекше ежелгі қалалардың бар болғандығы қазіргі уақытта қазақ жұртшылығына белгілі болғандары жетерлік. Осындай тарихи кешендердің орын алған аумақтарын қазу, зерттеу арқылы бабалар жүріп өткен қоғамнан өзіндік бір ерекше мәлімет беретін, дүниелермен тарихи-археологиялық маңызы зор тың деректер мен мәліметтерге қол жеткізе аларымыз ақиқат. Тарихта қырғыз жеріндегі Ақбешім қаласын тарих қойнауындағы орталық қала болған Баласағұн қаласы деп жариялап та жіберген ғалымдар болды. Мұндай даулы мәселе нақты дерек пен дәйек және тың зерттеуді талап етеді. Ұлы Жібек жолының бойын бойлай өмір сүрген ортағасырлық қалаларда ұқсастықтар мен ерекшеліктер де кездеседі. Ондағы қала жұрттарының салыну құрылысындағы қамал мен шахристаннан тұратын орталық бөлік зерттеушілер назарын ерекше қызықтырады және археологиялық зерттеулерді тосуда. Мұндағы қалалардағы орталық бөліктегі құлаған үйінділердің ұзындығының үш шақырымнан ондаған шақырымға дейін, және одан әрі жалғасуы. Әр қаланың өзіндік ерекшелігін баяндайды. Ортағасырлық қалалар маңыздылғы жағынан топтарға да бөлініп отырған.

Библиографиялық сілтемелер

1. Қазақстан тарихы (Көне заманнан бүгінге дейін) [Мәтін] / Қазақстан тарихы, Бес томдық. Том І. –Алматы: Атамұра, 2010. - 544 б.

2. Рысдәулет, М. Тараз: Археологиялық зерттеулер (1938-1945ж.ж.) [Мәтін] / М. Рысдәулет, Н. Қожамарова, С. Зейнуллаұлы. -Тараз: Сайдуллаев и Компания, 2017. - 186 б.

3. Шәлекенов, У.Х. Ғылыми еңбектер [Мәтін] / У.Х Шәлекенов, Төртінші томы.-Алматы: Жібек жолы 2020. - 568 б.

4. Байпақов, К.М. Қазақстан археологиясы [Мәтін] / К.М. Байпақов, Ж.Қ. Таймағамбетов. - Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 294 б.

5. Авизова, А.Қ. Археология [Мәтін] / А.Қ. Авизова. - Алматы: Эпиграф, 2017. - 224 бет.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-02-20

Журналдың саны

Бөлім

Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдары
Loading...