«БОПАЙ ХАНЫМ» ТАРИХИ РОМАНЫНДАҒЫ ХАН ӘБІЛҚАЙЫР БЕЙНЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.55956/KYZR1219Тірек сөздер:
образ, авторлық ұстаным, Әбілқайыр хан, Бопай ханым, көркемдік дәстүрАңдатпа
Қазақ әдебиетінің ұзақ жылдар бойғы тәжірибесінде тарихи романдардың маңызы да, бәсі де қашанда жоғары болды. Өткенді жаңғыртып, ұмытылғанды еске түсіріп, қалтарыста қалғанды жарыққа шығарып, ел мүддесіне қызмет етіп жатқан тарихи туындыларды қазақ өскелең әдебиетінің негізгі сипаты ретінде қарастырсақ, қателеспейміз. Дәл осындай туындылар турасында ізденістер жасаған авторлар мақалада егемендік тұсында қазақ прозасының тақырыптық аясының кеңігендігіне және тарихи романдардың халық санасын жаңғыртудағы маңызына назар аудартады. Қазақ жазушысы Мәди Айымбетовтың «Бопай ханым» тарихи романын негізгі нысан ретінде ала отырып, атақты кіші жүз ханы Әбілқайыр хан бейнесінің сомдалуы қарастырылады. Бұл роман өзінің жаңалығымен, әйел туралы жазылған өте аз шығармалардың бірі болғандығымен және өмірі қарама-қайшылыққа толы Әбілқайыр хан мен оның заманын суреттеуде үлкен талпыныс жасаған шығарма екендігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, авторлар Әбілқайыр бейнесінің жасалуындағы қазақ сөз өнерінің көркемдік дәстүріне, дүниетанымына, автордың жеке позициясына мән беруге шақырады. Романдағы өзге де кейіпкерлердің Әбілқайырмен диалогына, оған деген қарым-қатынасына, ол турасындағы салыстыруларға мән қоя отырып, оған тән сипаттарды айқындайды. Автордың көркемдік шешіміне әсер етуі мүмкін тағдырдың жазғаны, халықтық дүниетаным, өзге туындылармен ой ұқсастығы мәселесіне де тоқталып отырады.
Библиографиялық сілтемелер
1. Балтабаева, Г. С. Тәуелсіздік кезіндегі қазақ прозасының көркемдік әлемі: Повестер мен әңгімелерге шолу, талдау [Мәтін] / Г. С. Балтабаева. – Алматы: Қаратау КБ ЖШС: Дәстүр, 2016. – 288 б.
2. Бердібай, Р. Он томдық шығармалар жинағы, 6-топ: Тарихи роман [Мәтін] / Р. Бердібай. Құрастырған Д. Ысқақұлы. – Алматы: РПБК Дәуір, 2018. – 430 б.
3. Ағыбаев, Қ. Бопай ханым: тарихи роман. [Электронды ресурс] / Кіру режимі: https://edq.kz/2021/11/20/%D0%B1%D0%BE%D0%BF%D0%B0%D0%B9-%D1%85%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D0%BC-%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%85%D0%B8-%D1%80%D0%BE%D0%BC%D0%B0%D0%BD/ Қаралған күні: 10.02.2024.
4. Айымбетов, М. Бопай ханым : тарихи роман [Мәтін] / М. Айымбетов. – Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2021. – 224 б.
5. Олжабаев, Б.К.Түркі халықтары фольклорында туған жерді кие тұту мотивтері [Мәтін] / Б.К. Олжабаев, А.Ш. Пангереев, О.Сөйлемез // Еуразия гуманитарлық институтының ХАБАРШЫСЫ. – 2023. - № 4. – Б. 266-280. DOI https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-4.18
6. Қондыбай, С. Байырғы қазақ дүниетанымының негіздері. Энциклопедиялық басылым [Мәтін] / С.Қондыбай. – Алматы: Қазақ тілі, 2018. – 480 б.
7. Пірәлиева, Г. Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелер (Түс көру, бейвербалды ишараттар, заттық әлем) [Мәтін]: Монография // Г.Пірәлиева. – Алматы: Алаш, 2003. – 328 б.
8. Тастеміртегі, Ж. Ж. Тіл таңбалы Адайдың ақындары. 1-кітап [Мәтін] / Ж.Ж. Тастеміртегі. - Алматы: Жазушы, 2006. – 528 б.
9. Тастеміртегі, Ж. Ж. Тіл таңбалы Адайдың ақындары. 2-кітап [Мәтін] / Ж.Ж. Тастеміртегі. - Алматы: Жазушы, 2006. – 560 б.
10. Қазақ салт-дәстүрлері. [Мәтін] / Құрастырған Әлижан Тауұлы . - Алматы: Балауса, 2017. – 384 б.
11. Келімбетов, Н. Көркемдік дәстүр жалғастығы (Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиеті бастаулары). [Мәтін]: Зерттеу / Н. Келімбетова // Астана: Елорда, 2000. – 288 б.
12. Алпысбаев, Қ. Қазақ әдебиетіндегі тарихи шығарма: таным мен көркемдік [Мәтін] / Қ.Алпысбаев. - Алматы: Таймас, 2008. – 232 б.
13. Turysbek, R. The role of historical figures and legend motifs in the modern prose structure in expressing the idea of state hood / R. Turysbek, K. Sarekenova, K. Baitanasova, A. Myrzakhmetov, Z. Aimukhambet. // ASTRA Salvensis, Supplementno. 1/2021. 383-393 pages. URL: https://www.scopus.com/record/display.uri?eid=2-s2.0-85107062588&origin=resultslist
14. Оразбек, М. С. Авторлық позиция: монография: [Мәтін] / М. С. Оразбек. - Алматы: CyberSmith, 2017. – 156 б.